Мазмұнына қайту

4-Бөлім. Практикалық жұмыс және әдістемелік ұсыныстар

Практикалық жұмыс №3: Зақымдану деңгейін бағалау және төзімділік шкаласы

Жұмыстың мақсаты

Ағаш өсімдіктерінің зиянкестермен зақымдану деңгейін сандық және сапалық көрсеткіштер негізінде бағалау, зақымдану қарқындылығын шкалалық әдістер арқылы анықтау және ағаш түрлерінің салыстырмалы төзімділік деңгейін ғылыми тұрғыда жіктеу.

Зерттеу объектісі

Зиянкестермен әртүрлі дәрежеде зақымданған жалпақ жапырақты ағаштардың жапырақтары, сабақтары немесе қабық үлгілері.

Зерттеу пәні

Зақымдану деңгейін бағалау әдістері және төзімділік шкалаларын қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері.

Жұмыстың міндеттері:

  • Зақымдану белгілерін жүйелі түрде тіркеу және сипаттау.
  • Зақымдану қарқындылығын пайыздық және балдық шкалалар арқылы бағалау.
  • Интегралды көрсеткіштерді (DSI немесе DI) есептеу.
  • Алынған деректер негізінде ағаш түрлерінің төзімділік деңгейін анықтау.

Құрал-жабдықтар:

  • Лупа / Стереомикроскоп
  • Өлшеу сызғышы
  • Бақылау парағы
  • Балдық шкала
  • Калькулятор

Жұмыстың орындалу барысы

1

Зерттеу зақымданған өсімдік үлгілерін таңдаудан басталады. Әр ағаштан кемінде 10-20 жапырақ немесе бірнеше сабақ үлгілері алынып, олардың жалпы саны тіркеледі. Бұл кезеңде зақымданудың типі (жапырақ жегіш, минер, сорғыш немесе қабық кеміргіш зиянкестер әсері) алдын ала анықталады.

2

Келесі кезеңде әрбір үлгінің зақымдану ауданы көзбен шолу және өлшеу арқылы пайыздық түрде бағаланады. Жапырақ бетінің зақымдалған бөлігі жалпы жапырақ ауданына қатысты есептеліп, зақымдану деңгейі шамамен анықталады. Бұл әдіс зақымның кеңістіктік таралуын жедел бағалауға мүмкіндік береді.

3

Одан кейін балдық шкала қолданылады. Әр үлгі зақымдану қарқындылығына қарай белгілі бір баллмен белгіленеді (төмендегі кестеге сүйеніңіз). Балдық әдіс зақымның сапалық айырмашылықтарын салыстыруға қолайлы және далалық жағдайда тиімді болып саналады.

4

Жиналған деректер негізінде интегралды көрсеткіш есептеледі. Ол үшін Disease Severity Index (DSI) немесе Damage Index (DI) формуласы қолданылады.

Зақымдану деңгейін бағалау шкаласы

БаллЗақымдану сипаттамасы
0Зақым белгілері жоқ
1Жапырақтың 1-10 % зақымданған
211-25 % зақымданған
326-50 % зақымданған
451-75 % зақымданған
576-100 % зақымданған

Төзімділік деңгейін жіктеу кестесі

DSI мәні (%)Төзімділік деңгейі
0-10Жоғары төзімді
11-25Орташа төзімді
26-50Әлсіз төзімді
> 50Төзімсіз

Өз зерттеуіңіздің нәтижесі (Толтырыңыз)

Кем дегенде 3 үлгіні (ағашты) зерттеп, нәтижесін жазыңыз.

Нысан Ағаш түрі Орташа Балл Есептелген DSI (%) Төзімділік деңгейі
Үлгі №1
Үлгі №2
Үлгі №3

Нәтижелерді рәсімдеу

Практикалық жұмыс нәтижесінде білімгер әр ағаш түрі бойынша зақымдану деңгейін көрсететін кесте құрастырады, есептелген индекстерді көрсетеді және ағаштың төзімділік деңгейін ғылыми негізде анықтайды. Нәтижелер фитосанитарлық журналға тіркеледі.

Қорытынды

Бұл практикалық жұмыс зақымдану деңгейін бағалаудың сандық және шкалалық әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді.

Интегралды көрсеткіштерді қолдану ағаштардың зиянкестерге төзімділігін салыстырмалы түрде анықтауға жағдай жасап, фитосанитарлық мониторинг пен басқару шешімдерін ғылыми тұрғыда негіздеудің маңызды құралы болып табылады.

Бақылау сұрақтары