Мазмұнына қайту
ӘОЖ 582.16 ББК 42.37

Электронды оқу құралы

Фитосанитарлық зерттеулер арқылы білімгерлердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру

Жалпақ жапырақты ағаштар мысалында

Ұсынылып отырған электронды оқу құралы фитосанитарлық зерттеулер негізінде білімгерлердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық және практикалық аспектілерін кешенді түрде қарастыруға арналған. Оқу құралында табиғи ортада жүргізілетін зерттеу жұмыстарының әдіснамалық негіздері, биологиялық объектілерді көпдеңгейлі (морфологиялық, анатомиялық, фенологиялық және экожүйелік) талдау әдістері, сондай-ақ далалық зерттеу нәтижелерін тіркеу, өңдеу және ғылыми интерпретациялау жолдары жүйеленіп берілген.

Электронды форматтың ерекшеліктері (QR-кодтар, аудио және бейнематериалдар, интерактивті тапсырмалар) оқу үдерісін цифрландыруға, білімгердің белсенді танымдық қатысуын арттыруға және зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Оқу құралында фитосанитарлық зерттеулердің толық циклі (бақылау – гипотеза – эксперимент – талдау – қорытынды – рефлексия) нақты тапсырмалар мен практикалық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, білімгерлердің кәсіби құзыреттіліктерін бағалаудың критериалды жүйесі ұсынылып, фитосанитарлық диагностика, зақымдану деңгейін бағалау, төзімділік көрсеткіштерін анықтау сияқты маңызды ғылыми бағыттар қамтылған. Құрал мазмұны білімгердің ғылыми ойлауын, аналитикалық қабілетін және экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Электронды оқу құралы жоғары оқу орындарының биология мамандығы білімгерлеріне, магистранттарға, оқытушыларға және зерттеушілерге арналған.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Жаратылыстану ғылымдары факультеті • Биология кафедрасы

Авторлар ұжымы:

Исаев Ғани Исаұлы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Биология кафедрасы, Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Нақыпова Жібек Бауыржанқызы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Биология кафедрасы, 7М01507- Биология білім беру бағдарламасының магистранты

Абдраимова Куралай Тастанбековна

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Биология кафедрасы, Биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Кәрімжан Төлеу Мұратұлы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Биология кафедрасы, Аға оқытушы

Библиографиялық сілтеме:
Фитосанитарлық зерттеулер арқылы білімгерлердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру: жалпақ жапырақты ағаштар мысалында: Электронды оқу құралы / Исаев Ғ.И. Нақыпова Ж.Б., Кәрімжан Т.М., Абдраимова Қ.Т. - Түркістан, 2026.

© Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 2026

Түркістан – 2026